Казахстан Академия «Көкше»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Көкше» академиясы

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Академия «Көкше»

The Ministry of education and science Republic of Kazakhstan

Academy of «Kokshe

V Халықаралық «Сейтен тағылымдары»

ғылыми-практикалық конференциясының

МАТЕРИАЛДАРЫ

МАТЕРИАЛЫ

V Международной научно-практической конференции

«Сейтеновскиечтения»

MATERIALS OF

V International science-practical conference “Seyten ‘s readings

Көкшетау шаһары, 3-5 маусым 2010

ББК 74.58.88

О 23 (ІІ)

V Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау шаһары 3-5 маусым 2010 ж. - 320 бет.

Материалы V Международной научно-практической конференции «Сейтеновские чтения», Казахстан, Акмолинская обл, г.Кокшетау 3-5 июня, 2010 г.- 320 стр.

Materials of the V-th International scientific - practical conference "Seyten ‘s readings". Kazakhstan, Akmola region, Kokshetau sity 3-5 june 2010 year, page 320.

Ғылыми басылымның Алқа мүшелері * Состав редакционной коллегии *The membevs of establishevs

Қасым Ж.Ж.., «Көкше» Академиясының ректоры, профессор, бас редактор

Әмірғазин Қ.Ж..,Ресей Федерациясы, Омбы көркемсурет-өндірістік колледжінің директоры, п.ғ. д., профессор

Қалиев С.Қ., п.ғ.д., профессор, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының академигі

Бөлеев Қ.Б., п.ғ.д.,профессор, Тараз мемлекеттік педагогика институтының кафедра меңгерушісі

Нұрғалиева Ә.Қ, п.ғ.д.,профессор, Павлодар мемлекеттік педагогика институтының профессоры

Дүйсембінова Р.Қ.,п.ғ.д.,профессор, Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі

Рысбаева А.Қ., п.ғ.д., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры

Конурбаев Т.А., Кыргыз Республикасы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің оқытушысы, псих.ғ.к., доцент

Құмархан Қ., Қытай Халық Республикасы, ШҰАР, Іле педагогика институтының кеңсе меңгерушісі

Құсайынов Ә.Т., биол.ғ.д.,профессор, «Көкше» Академиясының проректоры

Қисымова Ә.Қ., п.ғ.к.,профессор, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеттің оқытушы, биология пәнінің авторы

Құрсабаев М.Қ., п.ғ.к., Көкшетау университеті этнопедагогика һәм этнопсихология зерттеу орталығының жетекшісі, КУ доценті, редактор

ISBN 9965-9200-3-6(І)

0303000000

О ------------------------------

00 (05) – 03 (!)

«Көкше» Академиясы баспа орталығы, 2010 жыл

.

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ СЕКЦИЯСЫ

СЕКЦИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ И ПСИХОЛОГИЧЕСКИХ НАУК

Оқыту жүйесін интенсификацияландырудың ғылыми-педагогикалық мүмкіндіктері

Касым Ж.Ж.,- «Көкше» Академиясының ректоры, профессор. E-mail& kokshe@rambler.ru

Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайындағы қоғам мен мемлекеттің алдында тұрған басымды өзекті мәселелерге әр адам мен жеке тұлғаның заман талаптар негізінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адамзат перзенті қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктері арқылы санасына қалыптастыра отырып, өз ретінде қоғам қажеттіліктерін халық игілігіне айналдыруда шығармашылық пен салауаттылық, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттерін де назар аудара отырып атқаруды басты мақсат етіп отыр. Бұл жөнінде ресми құжаттар мен мемлекеттік іс-шаралардың қолға алынуы соның айғағы болмақ.

Қоғам дамуының үлкен бір саласы және ажырамас бөлігі болып табылатын педагогика ғылымы көне дәуірден бүгінгі заманға дейін өзінің қажеттілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес. Қоғам дамуының прогрессивтік сипаты, қоғам мүшелерінің өмір заңдылығына мойынсыну барысында, ғұмыр көшіндегі адамзат перзенттінің рухани, мәдени және өндіргіш күштер ықпалы арқылы қалыптасқан тәжірибелермен тығыз байланысты.

Тарих беттеріндегі адамзат өркениетінің қарым-қатынастарының бір көрінісі болып табылатын қоғамды социалистік және коммунистік қоғамдық-саяси жолмен қайта құруды мақсат еткен әрекеттердің сәтсіздікке ұшырауы негізінен психологиялық жағдайларға байланысты болды. Кешегі Ресей империясының мемлекеттік саясаты болып табылған көпғасырлық индивидуалистік бағыттың үстем болуы қоғам мүшелерінің бірден жаппай араласып кетуін, немесе жеке халық көсемдері тарапынан аталмыш мақсатты өз қалпында сақталып, қоғамдық қажеттіліктерге ұласу барысында біржақты сипат алмағаны белгілі.

Ал, өз ретінде индивидуалистік ұстанымды басты қағидаға айналдыруды мақсат еткен капиталистік жүйенің де бүгінде шектеулі көрініс тапқанын көріп отырмыз. Ғаламдық жағдайдағы қоғам дамуының ресурстық көрсеткіштері қоғамның әлеуметтік һәм экономикалық өркендеуі адам факторына байланысты екенін көрсетіп отыр. Бұған адамзат перзентінің іс-әрекет барысындағы іскерлік пен шығармашылық қасиеттерінің қоғам дамуына тигізіп отырған жағдаяттары дәлел болмақ. Мұндай көріністің тиімді нәтижесін жапон халқының техника саласындағы ұлы жетістіктері арқылы көреміз.

Адамзат перзентінің аталмыш әрекетінен туындаған фактор қоғам дамуының әр саласын қамтып, жалпы адамзат өркениетінің қарыштап өркендеуіне қажет екендігі уақыт өте келе саналы түрде мойындала бастады. Осы мәселеге педагогика мен психология саласы да жатады.

Ғалымдардың пайымдауынша адам жеке тұлға ретінде туа пайда болғанда емес, ол өмір тәжірибесіндегі адами даму үрдісінде қалыптасатыны расталды. Жеке тұлғаның қалыптасуы, біріншіден оның әлеуметтік категорияға кіретіні және екіншіден қоғамдағы барлық құндылықтар мен озық тәжірибелердің тұлға санасына ықпал етуі арқылы мүмкін болатын күрделі процесс екені анық. Бұл орайда, педагогикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарағанда тұлғаның қалыптасуына қоғам құндылықтарын жас ұрпақ санасына оның табиғи болмысы мен дарындылық қасиеттерін ескере отырып, тұлға бойындағы ерекше қасиеттердің ашылуына мүмкіндік беретін - алдын-ала жоспарланған һәм мақсатты тұрғыда ұйымдастырылған тәлім-тәрбие әдістері арқылы жүргізіліп келе жатқаны бүгінде әлемдегі ең озық тәжірибелердің бірі екені рас.

Аталмыш күрделі мәселені бірлесе отырып шешудің тиімді бағыт екеніне көз жеткізген ғалымдар мен мектеп практикасындағы педагогтар бүгінде өзара ынтымақтастық әрекет жасауға бел байлау үстінде.

Қазіргі замандағы білім асқарының аса құнды дүниесі – адам және оның ұрпағы екені белгілі болып отыр. Адам баласының осы айтылған глобальді биіктерге самғауы әр тұлғаны өмір бойы қалыптасып келе жатқан жалпыадамзатттық құндылықтарды; атап айтқанда жоғары мәдениет пен парасаттылық, рухани байлық пен адами қасиет, гуманистік, шығармашылық және еркіндік асқарларымен ұштасқан ұлы қағидаларды өз бойына сіңіре отырып, жаңа заманның ерекше келбетін қалыптастыруға күш салуы деп көрсетіледі. Бұл құндылықтар жеке тұлғаның қоғамдық тәжірибелерден қанаттанып, білім нәрімен сусындай отырып, бойындағы ерекше қасиеттердің болашақ қоғамның игілігіне жаратылуына әрекет етуіне ынталандырылуына арналғаны шарт. Жеке тұлғаны әлеуметтік құндылық екеніне көз жеткізу, оның тұлға болып қалыптасуына қоғамдық ортаның ықпалының маңыздылығына мән беріп, екіншіден жинақтаған тәжірибелер арқылы болашақта оның қоғам дамуының өркендеуіне жеке үлесін қосатын мүмкіндігінің шексіз екенін ескергеніміз абзал.

Жаңа заман жағдайында жас ұрпақтың қоғам заңдылықтарына барынша әлеуметтенуіне педагогикалық ықпал ететін тиімді жолы – ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуының алғышарттарының қалыптасуы деп қарастырылуда. Соңғы ғылыми көзқарастар мен тұжырымдар легі аталған педагогикалық қағиданың мүмкін еместігі жөнінде пікір қалыптастырды. Мұндай пікірдің қалыптасуы қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерге байланысты болды. Оның ішінде әлі күнге дейін жеке индивидтік мүмкіндігінің толығынан ашылмай келе жатқан адам баласының танымдық ресурсы да өзіне назар аудартуда. Сол себепті жалпы адамзат перзентін белгілі бір бақыт шыңына шығаратын «құдыретті теорияның» жасалуы үшін жер бетіндегі барлық адамдардың құнды пікірлері мен әдіс-тәсілдерін салыстыра отырып арнайы сараптама жасау жөнінде күрделі істі атқаруға көп уақыт керек екенін білгеніміз абзал. Тарих беттеріндегі, адамзат өркениетінің «сәулетті қоғамын» құруды көксеген данышпан Аристотель мен Кампанелла тұжырымдарының қаншалықты құнды болғанымен, мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар тарапынан соншылықты бұрмаланып келгені бүгінгі сана өрнегінің қалыптасуына ой салары һақ.

Аталған ойлар мен басқа тұжырымдарды қорытындылай келе біздің ойымызша бүгінгі педагогикалық және психологиялық зерттеулер мен тәжірибелердің жалпы бағыты жеке тұлғаның өне бойындағы ерекше қасиеттерінің барынша ашылып, өз ретінде оның тарихи тәжірибелерді ой-санасынан өткізіп, болашақ қоғамның дамуы мен өркендеуіне барлық күш жігерін арнауына жұмсалғаны шарт.

Сол себепті қоғамдағы, атап айтқанда білім саласындағы күрделі құбылыстардың себеп-салдарын анықтауда немесе араласу барысында педагог-психолог және басқа ғалымдар тарапынан аранайы шығармашылық қарым-қатынас пен дәстүрлі талап бойынша жүзеге асырылғаны дұрыс. Жеке тұлға санасына тәлім-тәрбие процессі барысында қоғам құндылықтары мен рухани-мәдени қасиеттерді сіңіру ісі белгілі бір ғылыми мекеме мен бағдарламаның еншісіне айналмай, жалпыхалықтық ортақ мұра ретінде қабылдануы керек. Осы орайда, жеке тұлға тәрбиесі барысында ерекше назар аударатын дүние – танымдық мәселелер барынша сарапқа салынуы қажет. Танымдық мәселелердің себеп-салдарын анықтамайынша тұлға бойындағы басқа қасиеттердің толығынан ашылуына кепілдік беру мүмкін емес. Демек, жаңа заман педагогикасы мен психологиясының ерекше көрінісі болып табылатын танымдық дүниелер: жеке тұлға бойындағы дарындылық, адам бойындағы ерекше қасиеттердің ашылуы, жеке қасиеттердің ашылуы үшін тұлғаның ұмтылысы және «Ego-Konception’s» тұжырымдамасының қоғам игілігіне айналуы сияқты ауқымды мақсаттардың орындалуына ат салысу керек.

Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған танымдық дүниелерге қатысты бірқатар тәжірибелер бар. Өз кезегінде осы мүмкіндіктің ашылуына ғылыми талаптар негізінде жағдай жасалмаса, онда аталмыш ұмтылыстың қарқыны бәсеңдеп қалуы мүмкін. Ұмтылыс қарқынының деңгейлік көрсеткіштері көп жағдайда білім мен тәрбие үрдістерінің эпицентрінде орын алуда.

Айтылған тұжырымдар және біздер ұсынған концептуальдік жобаның құрастырылуына соңғы ғылыми зерттеулердегі жеке тұлғаның қалыптасу теориясы, жаңа заман жағдайындағы адам факторы және оның қалыптасуына ұйытқы болған ғылыми ұстанымдар мен пікірлердің ғылыми тұтастығы негіз болды. Зерттеу барысында жеке тұлға қалыптасуының ғылыми-теориялық және методологиялық негіздері һақында зерттеу жүргізген В.Д.Агеев, Г.М.Андреева, И.С.Кон, Г.У.Кцоева, В.Н.Мясищев, Т.Е.Стефаненко, А.А.Ухтомский, П.Н.Шихирева, Е.И.Шлягина, В.А.Ядов еңбектеріне назар аударылды.

Сол сияқты К.М.Арасланов, Т.И.Афасижев, Ю.В.Ивлев, Н.Л.Карданская, Б.Г.Литвак, В.И.Михайлова, Э.А.Смирнова, Р.Д.Хунагова, В.Н.Цыгичко еңбектеріндегі оқыту үрдісі барысындағы мотивациялық шешім қабылдаудың методологиялық негіздері және адамның қоғамдық ортадағы әлеуметтену ерекшеліктері жөніндегі бірқатар ой-пікірлер тұжырымдалды.

Зерттеу жұмысы отандық зерттеушілер еңбектерімен шектеліп қалмай шет елдік ғалымдар Дж.Гилфорд, Е.Торранс, Л.Термен, Р.Стернберг, М.Воллах, Г.С.Альтшуллер, В.Ф.Шаталов, Е.И.Ильина, С.И.Лысенкова, Ш.Амонашвили, И.П.Волков, В.Л.Данилова, П.Я.Гальперин, З.И.Калмыкова, Д.Б.Богоявленская, Я.А.Пономарев, В.Н.Пушкина, Н.Н.Палагина, С.Ф.Фатеев, В.Д.Шадриков, Л.И.Шрагина, Е.Г.Алиева, А.Касымов, В.Н.Дружинин және басқа ғалымдар зерттеулеріне назар аударылды.

Аталған зерттеулерде оқыту үрдісі жағдайында педагогикалық тұрғыда эффективті мүмкіндік беретін сабақ жүйесінің интенсификациялық және оптимизациялық әдістерінің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Мұндай әдістің жүзеге асырылуы оқыту технологиясының инновациялық жүйеге еніп, дидактикалық шешімдердің оңтайлы сипат алып, жалпы сабақ жоспарының аталмыш әдіс бойынша ұйымдастырылуы тиімді нәтижелерге қол жеткізетіне ұйытқы болатынын байқадық. Бүгінгі білім беру жағдайында жиі кездесетін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың қалыпты жағдайдан ауытқып кетпеуі үшін, сондай-ақ білім сапасының төмендеуі және жас өскіннің танымдық деңгейіне шамадан тыс әсер етуін реттеу үшін, өзінің жоғарғы эффективтік көрсеткішімен айқындалатын білім беру жүйесінің оптимальді вариантын таңдаған абзал.

Сол себепті оқыту жүйесін оптимизациялау мен интенсификациялау үрдісі ғылыми-педагогикалық тұрғыда қайта сарапталынып, арнайы мекемелерде зерттеліп, қажет жағдайда практикалық шешімін табуға мүмкіндік жасалғаны шарт. Оның жоғарғы және арнаулы оқу орындарымен қатар жалпы білім беретін орта мектеп практикасына ендірілуі – оқу үрдісіндегі формализмдік кемшіліктердің кемуіне, дидактикалық принциптердің догматикалық қағидалардан арылуына әкеліп, жалпы сабақ үрдісін шығармашылық тұрғыда ұйымдастырудың нәтижелі жүйесін қалыптастыруға себепші болады.

Бүгінгі жалпы біілім беретін мектеп күн сайын артып келе жатқан ақпараттар ағымының ықпалдарына ұшырап, нәтижесінде білім жүйесінің инновациялық технологияларға ұласуына әкеліп соғуда. Білім беру жүйесі, кешегі ортағасырлық дәуірде қарапайым медреседен бастап жоғарғы білім беретін оқу орындарында негізінен бірнеше пәндердің байланысы арқылы шағын оқулықтарда баяндалғаны белгілі. Бүгінде көптеген пәндер жеке дара оқулық ретінде қарастырылып жеке кітап болып шығуда. Ғылыми-практикалық жаңалықтардың көптігінен мектептегі оқыту үрдісі міндетті түрде оқытылатын қосымша пәндерді енгізуге мәжбүр. Бұл процестің аяқталатын кезеңі де байқалмайды. Өскелең ұрпақ тарапынан пайда болған мұндай белсенді жайттарды тежеуге қоғамның да қауқары жетпей жатыр.

Тіпті ғылыми техникалық прогрестің алдына шығуға бет алған келесі оқу пәндерінің белең алуы – пәндердің өз мөлшерінен тыс көп болуы. Оқыту материалдарының шамадан тыс артуы мектеп пен ғылым арасын әлсіретіп, жалпы сабақ үрдісін қиындатады, көп жайғдайда бір-біріне ұқсас тақырыптардың қайталануына әкеліп, оқушының өзіне қажетті толыққанды материалды қамтуына мүмкіндік бермейді. Біздің ойымызша, мұндай жүйеден арылу керек. Соңғы педагогикалық тәжірибелер оқыту мазмұнын эффективті шешудің тиімді жолдарын іздестірудің қажеттігін меңзеуде. Ол үшін пәндерді рационалды тұрғыда ендірудің интеграциялық жолын таңдағанымыз жөн.

Оқытудың интенсификациялық моделін таңдау пән мұғалімінің педагогикалық әрекетін терең талдаумен бірге, жалпы білім беру материалының мазмұны мен сабақ процесін ұйымдастырудың жаңа тәсілін де қайта қарастырып, құрастыруды талап етуде.

Оқу процесіндегі интенсификациялық көріністі қарапайым тұрғыда қарастыру – бір көзбен байқала бермейтін оқыту жүйесінің кейбір ресурстарын ғана қамтып, өз кезегінде жобаның жүзеге асырылуына жұмсалатын қаржы мөлшерінің шектеулі мақсатқа ұрынуына, түптеп келгенде жалпы интенсификациялану үрдісінің оқу-тәрбие элементтерінің аудармасы немесе орын ауыстырушы құралы ретінде байқалатын иллюзия қалпында қабылдануына мұрындық болып табылуы мүмкін. Ал, шынтуайтқа келгенде оқыту жүйесін интенсификациялау алға қойған мақсаттарды орындау үшін қомақты қаржы мөлшерінің қажет екені, оған қоса ғылыми жобаның игіліктенуіне қосымша әрекеттердің керек екендігі, ғылыми қызметкерлер мен педагог-практиктердің мәртебесін өсіру, мектеп оқушыларының өз ойларынан шығатындай тиімді сабақ мазмұнының қалыптасуына және басқа танымдық-шығармашылық әрекеттердің рационалды тұрғыда пайдалану мүмкіндігіне жол ашатын жақтары пайда болады.

Педагогикалық зерттеулерде «оқыту жүйесін интенсификациялау» тақырыбына қатысты үш түрлі: ерекшелік, назар аудару және есепке алу атты атаулар кездеседі.

Бірінші мәселе бойынша оқыту жүйесінің дәстүрлі үрдістен ерекшелігі – ондағы интенсификациялық көріністер білім сапасын оқу бағдарламаларын толығынан қамти отырып ұйымдастыру, оқытудың сапалық көрсеткіштерге арқа сүйеуі, пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру барысында оқу құралдарын пайдалануда прогрессивтік методикалық тәжірибелерді қолдану, білім ордасының материалды-техникалық базасын нығайту және оқыту барысында техникалық һәм автоматтандырылған инновациялық педагогикалық тәжірибелерде барынша ендіру болып табылады.

  1. Протокол №4 о допуске к участию в конкурсе

    Конкурс
    рассмотрела заявки на участие в конкурсе по государственным закупкам услуг «Разработка Мастер-плана развития туристского кластера в Акмолинской области на 2012-2015 годы».
  2. Программа VI і международной научной конференции молодых ученых «наука и образование 20 11»

    Программа
    Берсімбай Рақметқажы Іскендірұлы, проректор по научно-исследовательской работе и международным связям ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, академик НАН РК, д.б.н., профессор
  3. Книга вышла, таким образом, без напутственного слова. Автор, Жанузак Аким, ученый биолог, член-корреспондент и член отечественных и заграничных Академий, награжденный за заслуги в науке медалью Аблай-хана, (1)

    Книга
    Книгу эту я прочел еще в рукописи. Издатель хотел, чтобы я написал к ней предисловие. Я отказался, дескать, не по моим зубам. О ней, мол, писать сподручнее историку, философу, политологу, а не литератору.
  4. Книга вышла, таким образом, без напутственного слова. Автор, Жанузак Аким, ученый биолог, член-корреспондент и член отечественных и заграничных Академий, награжденный за заслуги в науке медалью Аблай-хана, (2)

    Книга
    Книга вышла, таким образом, без напутственного слова. Автор, Жанузак Аким, ученый биолог, член-корреспондент и член отечественных и заграничных Академий, награжденный за заслуги в науке медалью Аблай-хана, любезно преподнес мне свой
  5. Ііі халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары

    Документ
    ІІІ Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. Ќазаќстан, Кµкшетау, Ресей Федерациясы, Омбы, 2005 жыл, 289 бет.
  6. «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары

    Документ
    Сейтен Сауытбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы.
  7. С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат

    Документ
    С.Л.Сауытбеков (1907-1997) Солт‰стік Ќазаќстан облысы (б±рынѓы Ќызылжар уезі, 4-ші ауыл) Тµњкеріс ауылы, М‰сірепов ауданында д‰ниеге келген. Єкесі Лейман молданыњ арќасында он ‰ш жасында араб тілін жетік мењгеріп, Ќ±ран с‰релерін жатќа білген.
  8. Пособие составлено на основе использования элементов интенсивной методики обучения казахскому языку. Оно предназначено для взрослой аудитории, ранее не изучавшей казахский язык

    Список учебников
    Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген ересек адамдарға арналған.
  9. Казахское слово

    Документ
    Переводчик, прозаик, публицист Герольд Бельгер (1934) родился в России, в семье поволжских немцев, однако с малых лет и поныне живет и трудится в Казахстане.

Другие похожие документы..