Документ- Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық түсініктерін қалыптастыру. - стр.11

Поиск

Полнотекстовый поиск:
Где искать:
везде
только в названии
только в тексте
Выводить:
описание
слова в тексте
только заголовок

Рекомендуем ознакомиться

Курсовая работа
1. Оформленные курсовые работы по физике должны быть представлены преподавателю до 12 мая 2006 г. После этой даты курсовой работы по физике более не ...полностью>>
Программа
Областью профессиональной деятельности являются: использование декоративных растений в зеленом строительстве, профилактика и защита растений от болезн...полностью>>
Документ
Аннотация. В докладе показано место России и сибирских регионов в достигнутом уровне развития человеческого потенциала на рубеже XX и XXI веков. Отвеч...полностью>>
Документ
Аннотация. В докладе показано место России и сибирских регионов в достигнутом уровне развития человеческого потенциала на рубеже XX и XXI веков. Отвеч...полностью>>

Главная > Документ

Сохрани ссылку в одной из сетей:
137

Валеология

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Өзінің денесі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, өз ағзасы мен денсаулығына ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру.

2. Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру.

3. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.

Мазмұны:

Салауатты өмір салты

Бала ағзасын нығайту мен шынықтыру шараларын жүргізу (беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, аузы мен тамағын салқын сумен шаю, суық және жылы ауа ванналары).

Түрлі гимнастикалар мен массаждар жасау (таңертеңгілік, дем алу, артикуляциялық гимнастикалар, көзге арналған гимнастика, тіс тазалау және қызыл иекке массаж жасау, нүктелі массаж).

Күн тәртібіне сәйкес балаларды күнде таза ауаға шығару.

Өз-өзіне күтім жасау дағдыларын дамыту (ауа-райына байланысты киіну, жуынып таза жүру, шашын тарау, қол орамалын қолдану).

Күнделікті тұрмыста және табиғат аясында өз-өзін ұстау тәртібі мен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау (далада өсіп тұрған жидектер мен саңырауқұлақтарды жемеу, жануарлармен байланысқа түспеу).

Бағдаршамның түстерімен, көшеде өзін-өзі ұстау мен жол ережелерін сақтаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Өз бетінше жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс қолдана отырып, тісін жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп түсіндіру.

Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға, (жылдың соңына қарай) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға, нан қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын шаюға үйрету.

Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс пайдалануға және барлық жерде тазалық сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне назар аударуға, жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру.

Өзінің және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

 

 

«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

 

Мақсаты: мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру.

 

 

Тіл дамыту

 

Мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Артикуляциялық аппаратын дамыту және барлық дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға әзірлеу.

2. Сөздік қорын байытып, сөйлеу барысында қолдану.

3. Тілдің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

4. Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдылырын қалыптастыру.

5. Тілдік шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.

6. Қарым-қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын дамыту.

Мазмұны:

Тілдің дыбысталу мәдениеті

Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.

Сөздік жұмыс

Қоршаған орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты сөздермен байыту.

Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің - жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету.

Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.

Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.).

Балалардың сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.

Балалардың сөздік қорын тұрмыстық заттардың атауларымен толықтыру: кір жуғыш машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.

Балалардың сөздік қорын ұлттық және бұрын көрмеген «таңқаларлық» заттардың атауларымен (желпуіш, теңге) толықтырып, аттары мен қызметтерін түсіндіру.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Балаларға сөздерді жақ, шақ, септіктерде қолдана білуге үйретуді жалғастыру.

Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып қолдануға үйрету (үстелдің астында, шкафтың үстінде, үйдің жанында, әжесінің қасында, есіктің артында, айнаның алдында және т.б.).

Жануарлар мен олардың төлдерін (аю-аюлар, қонжық-қонжықтар, жылқы-жылқылар, құлын-құлындар) білдіретін зат есімдерді жекеше, көпше түрде айтуға үйрету.

Өздері білетін заттар мен ойыншықтарды септік жалғауларын жалғап, көпше түрде айтуға үйрету (доптардың, қуыршақтарға, қонжықтарда, т.б.).

Сөйлеу тілінде бірыңғай мүшелерді (мен атама, әжеме, апама барамын) қолдана білуге үйрету.

Байланыстырып сөйлеу

Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету.

Тәрбиешінің көмегімен ойыншық туралы, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.

Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділерін драмалауға қатыстыру.

Шығармашылық тілді дамыту

Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.

Тақпақтап, ұйқасты сөздер айтып ойналатын ойындарды балалар қызығатындай етіп өткізу керек. Сол арқылы баланың тілі дамиды.

Қол мен саусақты жаттықтыруға арналған ойындар мен ойыншықтарды қатыстырып шағын оқиғалар құрастыру, өздері білетін ертегілерді драмалау.

Сөйлеу барысында дауыс ырғағы мен қарқынын қадағалап, кейіпкерлердің бейнесін, мінез-құлқын дұрыс жеткізуге жаттықтыру.

 

 

Көркем әдебиет

 

Мақсаты: қазақ және басқа да халықтардың ауыз әдебиеті мен балалар әдебиеті шығармаларына эмоционалдық ықыластылығын дамыту.

Міндеттері:

1. Халық ауыз әдебиеті мен Қазақстан және басқа да елдердің балалар әдебиеті арқылы адами қарым-қатынас әлемімен таныстыру.

2. Балаға айналасындағы адамдардың сырт бейнесі қаншалықты әртүрлі болса, мінез-құлқы да соншалықты әртүрлі болатындығы туралы түсінік беру. Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету.

3. Ертегі, өлең, әңгімелерді тыңдауға, ондағы оқиғалардың өрбуін бақылауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын бағалауға тәрбиелеу.

Мазмұны:

Қоршаған әлем туралы, адами сезімдер мен қарым-қатынастар туралы түсініктерін кеңейту.

Шығармалардың мазмұнын балалардың жеке тәжірибелерімен, олардың күнделікті өмірі мен қоршаған ортасымен сәйкестендіруге үйрету.

Халық ауыз әдебиеті шығармалары мен балалар әдебиетіне қызығушылығын арттыру.

Шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға, оларды сахналауға қатысуға ықыластарын арттырып, қолдау көрсету.

 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарым-қатынастың ауызша және ауызша емес түрлерін игеру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Жақсылық, өзара көмек, достық туралы түсінік беру.

2. Қазақстан Республикасында тұратын халықтар мен қазақ халқының стилінде ересектермен және құрдастарымен жайдары әңгімелесе білу дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Ересектердің аты-жөнін сыпайы түрде атап, «Сіз» деп айтуға (апай, ағай, аға, көке, апа), амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайлық дағдыларын қалыптастыру.

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынаста «көмектесуіңізді өтінемін», «менімен ойнашы» сөздерін қолдануға үйрету.

Адамдармен қарым-қатынаста ұлты мен тіліне қарамастан қайырымды әрі жайдары қарым-қатынас жасау керектігін үйрету.

Түрлі ұлт өкілдерімен сенімді қарым-қатынас орнатуына жағдай жасау.

 

 

«ТАНЫМ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

 

Мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс-әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:

- қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология негіздері;

- қоршаған ортамен таныстыру.

 

 

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

 

Мақсаты: балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру.

2. Заттардың көлемі мен пішіні, олардың кеңістіктік қатынастарымен таныстыру.

3. Көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.

Мазмұны:

Сан мен санау

Заттар көлемі, пішіні, түсі бойынша бір немесе бірнеше болатыны және олардың кеңістікте түрліше орналасатыны туралы түсінік беру.

Санамай және санын атамай бір топтың затын екінші топтың затымен беттестіру тәсілін қолдана отырып, саны мен көлемі бойынша екі тең немесе тең емес (үш көлемінде) заттардың топтарын салыстырып көрсету.

Қоршаған ортадан бір немесе бірнеше ұқсас заттарды таба білуге үйрету.

«Қанша?», «қанша артық?», «қанша кем?» сұрақтарын түсініп, «көп», «бір», «артық», «кем» «сонша», «қанша», «тең» сөздерін қолдана отырып жауап беруге үйрету.

Заттарды бір қатарға солдан оңға қарай оң қолымен орналастыруға үйрету.

Көлем

Қарама-қарсы заттардың өлшемі мен шамасы бойынша (үлкен-кіші), ұзындығы (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа), екі бірдей заттарды бір-біріне қою және беттестіру тәсілдерін қолданып салыстыруға үйрету.

Геометриялық пішін

Геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) танып ажырата білуін жетілдіру.

Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету.

Заттар мен пішіндерді сипап сезу және көру тәсілдері арқылы зерттеу іскерліктерін дамыту.

Кеңістікті бағдарлау

Өзіне жақын кеңістіктегі бағыттарын ажырата білуін дамыту (оң-сол, алда-артта, жоғарыда-төменде, алыс-жақын, жоғары-төмен).

Оң және сол қолын ажырата білуге үйретуді жалғастыру.

Уақытты бағдарлау:

Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтай білуін дамыту: таңертең-кеш, күн-түн.

Ересектер мен балалардың іс-әрекеттерінің өзгеруі бойынша тәулік бөлігін ажырата білуге үйрету.

 

 

Құрастыру

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың қарапайым құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қағаз бен құрылыс материалдарынан құрастыруға үйрету.

2. Өз қиялымен түрлі құрылымдар құрастыру, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге үйрету;

3. Өз бетінше жеке және құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орната отырып, ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

4. Шығармашылық қиялы мен көркемдік талғамын дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Түрлі-түсті бөлшектер мен пішіндерден қарапайым құрылыстар жасауды жалғастыру, бөлшектерді қатарластырып, кірпіш - пластиналарды көлденеңінен, тігінен, дөңгелек пен төртбұрыш бойына бір-біріне жақын және белгілі арақашықтықты сақтай отырып орналастыру тәсілдерін қолдану.

Биіктету немесе бөлшектерін ауыстыру арқылы құрылысын өзгерту іскерліктерін дамыту, мысалы: «Жолдар» (машиналар мен жаяу жүргіншілерге арналған кең және тар жолдар), «Лақтар мен боталарға арналған қоршаулар» (биік, аласа), «Қақпа» (биік, аласа, кең және тар).

Балаларға құрылыс материалдарының негізгі бөлшектері (текше, кірпіш, пластина, призма) мен олардың түстерін, көлемдерін атай білуге ынталандыру Құрылыс бөліктерін көлеміне қарай (үлкен-кіші, ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар) ажырата білге үйрету.

Қағаздан құрастыру

Қағаздан құрастырудың бүктеу, умаждау, жырту, ширату тәсілдерін қолдана отырып, қағаз парағын көлемді өзгерту іскерліктерін қалыптастыру (мысалы, шөп, бақбақ, құстар).

 

 

Экология негіздері

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың экология саласы бойынша қарапайым ұғымдары мен түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру.

2. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін кеңейту.

3. Қоршаған әлемді түсінуге, қабылдауға оң көзқарастарын тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балалардың өсімдіктер, жануарлар, адамдар (олардың жаны бар, тамақты, су мен ауаны сонымен қатар қамқорлықты да қажет ететіндігі) және өлі табиғат нысандары (су, ауа, жер - олардың да қамқорлықты қажет ететіні) туралы түсініктерін кеңейту.

Табиғат нысандары мен құбылыстарын (жануарлар мен өсімдіктер, жапырақтың түсуі, қардың жаууы, жауын-шашын, жел) бақылауға және осы нысандар мен құбылыстардың (күзде құстар жылы жаққа ұшып, жануарлар қысқа дайындала бастайды, көктемде қар ериді) арасыңдағы байланыстарды көре білуге үйрету.

Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен мекендеушілерге (құстар мен балықтар) қолдарынан келгенше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қараудың үлгілерін (гүлдер мен жапырақтарды жұлмау, бұтақтарды сындырмау, қыста құстарға жем беру) көрсету.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер

Табиғатта, ауа райында, жануарлар мен өсімдіктер әлемінде, адамдардың киіміндегі қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету.

Табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу.

Күз: Күзгі табиғатты бақылап, өзгерістерін - күннің қысқарғанын, ауа райы суытып жауған жауын-шашыннан соң жерде шалшықтар пайда болатынын, күн сирек көрініп аз жылытатынын, жапырақтардың түсіп, құстар жылы жаққа үшып кететінін белгілеу.

Қыс: Қысқы табиғатты бақылап, өзгерістерін - жылдың ең суық мезгілі екенін және қар жауатынын белгілеу.

Қармен ойнап аққала соғуға болады. Ол жылы жерде тез ериді. Қарда із қалдырып, таяқшамен сурет салуға болады.

Мұз қатты, жылтыр, жылы жерде тез ериді. «Жаңа жылдық шырша» - ең сүйікті қысқы мереке.

Көктем: Көктемгі табиғатты бақылап өзгерістерін белгілеу: күн жылып қар ериді, күннің көзі жарқырап, есімдіктер мен ағаштардың жапырақтары өсе бастайды. Жаңбыр жауады. Көктемгі жұмыстар басталады: жер аударады, гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын сеуіп, жеміс ағаштарын отырғызады. Малдарды өріске айдайды.

Жаз: Жазғы табиғатты бақылап қарапайым өзгерістері жылы және ыстық, күннің көзі жарқырайтынын, шөптер өсіп, гүлдер гүлдейді, ағаштағы жапырақтар үлкен болып өсетінін белгілеу. Жаңбыр жауады. Жазғы жұмыстар: гүлдерді, көкөністер мен жеміс ағаштарын суарады.

Өсімдіктер әлемі

Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ) мен жемістер (алма, алмұрт, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту.

Ағаштарды танып, атай білуге үйрету: қайың, жыңғыл, терек, шырша.

Гүлдерді танып, атай білуін дамыту: түймедақ, бақбақ, бөлме гүлдері - фикус, қазоты, қынагүл.

Ағаштың діңін, бұтағын, жапырағын, ал гүлдердің сабағын, жапырағын, гүлін тауып атай білуге үйрету.

Өсімдіктерді күту тәртібі: суару және қайта отырғызу ережелерімен таныстыру (балалардың бақылаулары).

Жануарлар әлемі

Үй жануарлары (ит, мысық, ешкі, сиыр) мен жабайы аңдар (аю, қоян, түлкі) туралы түсініктерін кеңейту.

Құстар туралы түсініктерін кеңейту: әтеш, тауық, балапандар, торғай, сауысқан.

Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылауға (тотықұс, балықтар, тасбақа), қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Құстар мен жануарлардың мекені, қоректенуі, қозғалыстары мен қалай дыбыстайтыны туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.

Жануарлар мен құстарды күтудегі ересектердің еңбегі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Табиғаттағы жануарлар мен құстарды табиғат бұрышын мекендеушілердің өмірімен салыстырып, бақылауға үйрету.

 

 

Қоршаған ортамен таныстыру

 

Мақсаты: қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, байланыс және көлік құралдары, қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.

2. Заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерін түсінуін қалыптастыру.

Мазмұны:

Заттық орта

Айналадағы заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалғандығы туралы түсініктерін жүйелеп, қорытындылау.

Қоршаған ортадағы заттарды және олардың көлемі, түсі, пішіні, бөліктері мен бөлшектерін бірнеше сенсорлық белгілері бойынша топтау, қарастыру, зерттеу, атау және ажырату ептіліктерін жетілдіру.

Заттарды сапасы мен қасиеттерін ажыратуға үйрету:

- сипап сезуге (тегіс - кедір-бұдыр);

- дәміне (тәтті - қышқыл);

- естуіне (сыбдырлайды - тарсылдайды), заттармен әрекеттерді атау. Түрлі заттар әлеміндегі атауларды балалар тіліне енгізіп, нақтылау, таныс емес заттардың не үшін қолданылатынын түсіндіру, заттардың тобын (ойыншықтар, киімдер, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз) білдіретін ұғымдарды меңгеруін тиянақтау.

Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтардың тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздарын дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру.

Заттарға ұқыптылықпен қарау дағдылары мен ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыс-аяқтарды сақтау ережелерін үйрету.

Байланыс және көлік құралдары

Жергілікті жағдайларды ескере отырып, көлік құралдарын (автобус, трамвай, жүк машинасы, жеңіл машина, ұшақ) танып, атауға үйрету.

Автомашинаның бөліктерін (кабина, рөл, кузов, дөңгелек) ажырата білуін дамыту.

Бағдаршамның белгілерімен, көшеде өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.

Зерттеу-іздестіру әрекеті

Заттарды меңгеруге үйрету (балық аулайтын ау, сурет салуға қарындаш немесе бояулар, жіптердің көмегімен заттарды тартып алу және т.б.).

Түрлі материалдармен таныстыру (су - төгіледі, боялады; ылғал топырақтан мүсіндер жасауға болады, ал құрғақ топырақ - шашылады; қардан қар кесегін жасауға болады, егер жылы жерге кіргізсе, ол ериді, т.б.).

Тәжірибе нәтижесін көру үшін басқалардың әрекеттерін бақылауға үйрету.

Көп заттардың ішінен біреуін таңдап алуға үйрету (осы ойыншықпен ойнағым келеді, мына затты қолдана аламын).

Ақпаратпен жұмыс

Қолжетімді ақпараттармен (кітаптардан, телебағдарламалардан, фильмдерден, ересектердің сұхбаттарынан) жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын дамыту.

Әдеби шығармалар мен олардың мазмұнына жаңа ақпарат көзі (еңбек, ойыншықтар, туыстар, ойыншықтармен қарым-қатынасы және т.б. туралы) ретінде қызығушылықтарын қалыптастыру. Өз әсерлерімен бөлісу іскерліктерін дамыту.

Менің елім - Қазақстан

Баланың шағын отаны - оның тұрғылықты жері (қаласы, ауданы, ауылы) туралы түсінік беру, аттарымен таныстыру.

Біздің елімізде қарттарға - құрмет көрсетіліп, ақылын тыңдайтынымыз туралы, ал кішілерге - қамқорлық жасалып, оларды бағып-қағып өсіретіні туралы түсінік беру.

Ересектер - жұмыс істейді, балалар - балабақшаға, мектепке баратыны туралы түсіндіру.

Адамдар үйлерде тұратыны, ал ертеде Қазақстанда жылы, ыңғайлы, басқа түрге жеңіл өзгеретін үйлер - киіз үйлерде тұрған.

Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетінің негіздеріне бейімдеу.

Өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері

Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыру.

Бағдаршамның түстерімен таныстыру, қай түс қандай белгі беретіндігін түсіндіру.

Көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдары туралы түсінік беру:

- жаяу жүргінші тротуармен;

- балалар жолдан ата-аналарының көмегімен;

- жаяу адам көлікті аялдамада күтеді;

- көлік ішінде ешкімге кедергі жасамай, тәртіп сақтау.

Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:

- үйде және балабақшада өз қауіпсіздігін сақтау;

- үшкір заттармен ойнамау;

- электр құралдарынан алыс жүру;

- отпен ойнамау;

- таныс емес, бөгде біреуге есік ашпау;

- серуенде жүргенде ересектерден алыс кетпеу;

- өзі білмейтін саңырауқұлақтар мен жидектерді теріп, жемеу.

 

 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

 

Мақсаты: өнер туындысына сезіммен қарайтын, бейнелеу өнері саласының қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегі түрлері арқылы жүзеге асады:

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- сурет салу;

- музыка.

 

 



Скачать работу

Похожие работы:

  1. Республикадағы балаларғА Қосымша білім беруші ұйымдардың Қызметін реттейтін нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ ҚҰжаттардың жинағы алматы-2009 ббк 74. 04 Р 40 Пікір жазған

    Документы
    ... 439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 115-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектег ... азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 26 сәуірдегі бұйры ...
  2. Республикадағы балаларғА Қосымша білім беруші ұйымдардың Қызметін реттейтін нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ ҚҰжаттардың жинағы алматы-200 9 ббк 74. 04 Р 40 Пікір жазған

    Документы
    ... 439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 115-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектег ... азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 26 сәуірдегі бұйры ...
  3. Сборник статей 20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества II республиканская научная

    Сборник статей
    ... Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және ... не жұмсалған іс-әрекеттеріміздің нәтижесі болмауы мүмкін. Білім және Ғылым министр ...
  4. Сборник статей 20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества II (1)

    Сборник статей
    ... Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және ... не жұмсалған іс-әрекеттеріміздің нәтижесі болмауы мүмкін. Білім және Ғылым министр ...
  5. Сборник статей 20 лет независимости Республики Казахстан в свете формирования гражданского общества II (2)

    Сборник статей
    ... Ата заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және ... не жұмсалған іс-әрекеттеріміздің нәтижесі болмауы мүмкін. Білім және Ғылым министр ...

Посмотреть все похожие работы